Қазақстанда жиһаз бағасы шарықтады

410

Өңірлер бойынша ең көп жиһаз Алматыда шығарылды. 

Қазақстанда жиһаз бағасы шарықтады Фото: freepik

Қазақстанда 2024 жылдың қаңтарында жиһаз бен тұрмыстық заттардың бағасы жылдық мәнде 11,8%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Energyprom порталына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша ең көп жиһаз әдеттегідей, Алматыда шығарылған: 22,8 млрд теңге (бір жыл ішінде 29,5%). Екінші және үшінші орындарла Алматы облысы (8,5 млрд теңге, жыл бойынша 59,8%) және Түркістан облысы (6,9 млрд теңге, жылдық мәнде 48,7%) тұр. 

"Ең көп өндіріс көлемін кеңселер мен бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз құрап отыр: 31,5 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 32,3%-ға артық. Тағы 8,2 млрд теңгені ас үй жиһазын өндірісі, ал 6,2 млрд теңгені матрас өндірісі құраған", - дейді сарапшылар.

Зерттеуде айтылғандай, электр люстралар жылдық қарқын бойынша 15,7%-ға, киім шкафтары – 14,6%-ға, ванна бөлмесіне арналған аспалы айналар – 13,9%-ға, үстелдер – 12,4%-ға, орындықтар – 11,4%-ға, диван төсектері - 10,6%-ға, жатын бөлмелеріне арналған жиһаз жиынтықтары 7,5%-ға қымбаттады. 

Өңірлер арасында бағаның өсуін Ақмола, Алматы және Қарағанды ​​облыстарының тұрғындары көбірек сезінді. Бағаның ең аз жылдық өсімі Жамбыл, Павлодар және Ақтөбе облыстарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу