Қазақстанда ЖІӨ 2,1%-ға дейін төмендеуі мүмкін

1052

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қазақстанда ЖІӨ 2,1%-ға дейін төмендеуі мүмкін

"Әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы аясында... Халықаралық қаржы ұйымдары биыл әлемдегі жалпы ішкі өнімнің өсу перспективасы төмендейді деп отыр. Ел экономикасының өсу болжамы 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендейді", – деді министр.

Оның айтуынша, 2022 жылғы қаңтар-ақпанда ЖІӨ өсу қарқыны 3,5% болған.

"Макрокөрсеткіштердің болжамы сыртқы экономикалық жағдайды, әлемдік экономиканың дамуын бағалау, мұнай нарығындағы үрдістерді ескере отырып нақтыланды", деді Әлібек Қуантыров. 

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4%-ға өскен еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу