Қазақстанда жол белгілерін тексеру айлығы басталды

362

Республикалық жолдардағы 140 мыңға жуық белгі кешенді тексеруден өтеді.  

Қазақстанда жол белгілерін тексеру айлығы басталды Фото: ҚР Көлік министрлігі telegram

Қазақстанда жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту және жол инфрақұрылымын нормативтік талаптарға сәйкестендіру мақсатында жол белгілері айлығы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айлық аясында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы республикалық маңызы бар автожолдарда орнатылған барлық жол белгілеріне кешенді тексеру жүргізеді. Мамандар олардың дұрыс орналасуы, техникалық жағдайы, көріну деңгейі және қолданыстағы жол қозғалысын ұйымдастыру талаптарына сәйкестігін бағалайды.

Сондай-ақ жөндеу жұмыстары аяқталған жол учаскелері ерекше бақылауға алынады. Тексеру барысында ескірген немесе қажетсіз уақытша белгілер анықталса, олар алынып тасталып, орнына өзекті белгілер орнатылады.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарда 140 мыңға жуық жол белгісі бар. Жол қауіпсіздігі бағдарламасы аясында жыл сайын шамамен 10 мың белгі жаңартылып келеді. Биыл тағы 8 мыңға жуық жол белгісін орнату және ауыстыру жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, бұл шара жол белгілерінің сапасын жақсартып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу