Қазақстанда жол қауіпсіздігін күшейту үшін лазерлік технологиялар қолданыла бастады

127

Елде жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. 

Қазақстанда жол қауіпсіздігін күшейту үшін лазерлік технологиялар қолданыла бастады Фото: digitalbusiness.kz

Астана – Қарағанды – Алматы республикалық маңызы бар автожолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр және Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша 7 аркаға 11 лазерлік құрылғы орнатылды.

Жобаның негізгі мақсаты – боран, тұман және көріну нашарлаған жағдайда жүргізушілердің жолды бағдарлауын жақсарту, рөлде қалғып кету қаупін төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

ІІМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және шаршаған күйде көлік басқармауға шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір қатысушының ортақ жауапкершілігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу