Қазақстанда жолақы бір айда 3,2 пайызға қымбаттаған

1026

Қазақстанда жолақы бір айда 3,2 пайызға қымбаттаған

Шілде айының қорытындысына сәйкес, республика бойынша қалаішілік автобус жолақысы маусым айымен салыстырғанда 3,2 пайызға, 2016 жылмен салыстырғанда — 8,1 пайызға көтерілген, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бір айдың ішінде Жезқазғанда 1,5 есе қымбаттап 60 теңгені, Таразда 18,2 пайызға қымбаттап, 65 теңгені құрады.

Жылдық есеп бойынша, ҚР ірі қалалары ішінде Қостанайда жолақы 80 теңге, өсімі 33,3%, Петропавлда 80 теңге, өсімі 23,1%, Өскеменде 90 теңге, өсімі 20% және Павлодарда 70 теңге,өсімі 16,7% болды.

Одан бөлек, 1 тамыздан бастап Алматыда жолақы төлеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді. Бұған дейін Алматыдағы жолақы құны 5 жыл бұрын көтерілген еді, 2012 жылдың шілде айында жолақы 50 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттаған.

Енді Алматының қоғамдық көліктеріндегі жол жүру ақысы (автобустар мен троллейбустарда ғана емес) төлем түріне байланысты болады. Қолма-қол төлесе — 150 теңге, "Оңай" бірыңғай көлік картасымен, банк картасымен немесе SMS құралымен — 80 теңге төленеді.

Бұл жүйе ақшаның көлеңкелі айналымының алдын алып, қазынаға түсетін салық көлемін арттыру мақсатында енгізілген. Барлық жеңілдіктер өзгеріссіз қалды, тек көпбалалы аналар, зейнеткерлер, мектеп оқушылары және студенттер "Оңай" жеңілдік картасымен 40 теңге төлейді. ҰОС ардагерлері, 75 жастан асқан зейнеткерлер, І және ІІ топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар қоғамдық көліктерінде тегін жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу