Қазақстанда ЖОО-да оқу ақысы қымбаттауы мүмкін – Саясат Нұрбек

746

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, 2025 жылдан бастап қазақстандық ЖОО-да оқу ақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы ол ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстанда ЖОО-да оқу ақысы қымбаттауы мүмкін – Саясат Нұрбек Фото: 7kun.kz

Министрдің айтуынша, 16 отандық университет QS халықаралық рейтингі қатарына кірген. Сонымен қатар 3  университет Times Higher Education рейтингінде тұр.

2022 жылы ел студенттерінің стипендиясы 20%-ға өскен. Ведомство басшысы ЖОО-да оқу ақысы қымбаттауы мүмкін екеніне тоқталды.

"2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысын екі есе арттыру жоспарланған. Бұдан бөлек сол жылдан келесі кезеңге шәкіртақы мөлшері де тағы артады. Осыған байланысты бюджеттегі қаржы көлемін ескеру қажет. Грант құнын біртіндеп арттыру арқылы стипендия және оқытушылардың еңбекақысын өсіруге ықпал етілуі керек", - деді ол.

Ведомство басшысының сөзінше, студенттердің халықаралық цифрлық кітапханаларға тегін қосылуы үшін мүмкіндіктер жасалуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу