Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл жүк көліктері нарығының кеңеюі негізінен шетелден келетін көліктер санының артуына байланысты болды. 5 айда импорт көлемі 54,4 мың бірлікке жетіп, былтырғы көрсеткіштен 6,5 есеге өскен.
Ал отандық өндіріс көлемі керісінше төмендеген. Қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 2,4 мың жүк көлігі шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға аз. Былтыр осы кезеңде 2,8 мың жүк көлігі өндірілген. Осыған байланысты ішкі сұранысты қамтамасыз етудегі қазақстандық өндірушілердің үлесі де айтарлықтай қысқарды. 2026 жылдың алғашқы бес айында олардың үлесі 4,2%-ды құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 24,9% болған.
Осылайша, биыл Қазақстандағы жүк көліктері нарығының өсімі негізінен шетелдік жеткізілімдердің артуы есебінен қалыптасып отыр. Ал отандық өндірістің нарықтағы үлесі айтарлықтай төмендеген.