Қазақстанда жүк таситын әуе компания ашылуы мүмкін

165

Премьер-министр бұл жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Қазақстанда жүк таситын әуе компания ашылуы мүмкін Фото: Eldala

SCAT әуе компаниясы жүк тасымалдайтын компания ашуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы бұл тапсырма бұған дейін де бірнеше рет айтылды, бүгін тағы қозғалды. Тасымалды жетілдіру үшін әуе жүк компаниясы керек. Қазір геосаяси жағдайды ескерсек, рейстердің бір бөлігі Қазақстан арқылы ұшады, яғни алғышарт қалыптасты. Енді Премьер-министр бұл жұмысты жеделдетуді тапсырып отыр. Осы орайда SCAT әуе компаниясының жүк авиакомпаниясын ашу жоспарында бар", - деді Талғат Ластаев.

Осылайша, Көлік министрінің орынбасары отандық әуе жүк тасымалы компаниясын ашу жұмысының қолға алынатынын айтып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу