Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі 3%-ға қысқарды

469

2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысына сәйкес, отандық көлік компаниялары 3,1 млрд тонна жүк пен багаж тасымалдады. Бұл былтырғыға қарағанда 2,9%-ға аз.  

Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі 3%-ға қысқарды Фото: egemen.kz

Жүк тасымалының ең үлкен көлемі Қарағанды облысында тіркелді (592,7 млн тонна). Үштіктер қатарында Абай (449,4 млн тонна) және Қостанай (241,8 млн тонна) облыстары бар. Ең төмен көрсеткіштер Ұлытау және Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сілтеме жасап.

Жүк тасымалы көлемінің 81,4%-ы автокөлік үлесіне тиесілі. Жыл басынан бері 2,5 млрд тонна жүк пен багаж тысамлданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7%-ға аз.

Темір жол көлігімен 340,4 млн тонна жүк тасымалданды, құбырлар арқылы – 226,4 млн тонна.

Теңіз және жағалау көлігі арқылы 983,5 мың тонна, ішкі су көлігі арқылы – 22 мың тонна, әуе көлігі арқылы 19,4 мың тонна жүк пен багаж тасымалданған.

Жүк тасымалынан түскен табыс 2,7 трлн теңгеге жетті, жылдық өсім – 16,3%.

Жүк тасымалының ең үлкен көлемін автокөлік қамтамасыз еткеніне қарамастан, ең көп кіріс құбырлар арқылы жүк тасымалдаудан түсті (1,4 трлн тг). Теміржол арқылы тасымалдаудан – 998 млрд тг, автокөлік арқылы – 272,7 млрд тг, әуе көлігімен тасымалдаудан түскен табыс 10 млрд тг құрады. Теңіз және жағалау көлігінен түскен кіріс – 5,3 млрд тг, ал ішкі су көлігінен 950,7 млн тг болды.

Қараша айының қорытындысына сәйкес, көліктің барлық түрімен жүктерді тасымалдауға арналған тарифтері бір жылда 4,2%-ға артқанын көруге болады.

Республика бойынша бағаның ең көп өсуі Қарағанды облысында тіркелді (+12,9%). Антилидерлер үштігінде Ақмола (+8,2%), Ақтөбе (+7,9%) облыстары бар.

Тарифтердің ең аз жылдық өсімі Астанада байқалып отыр (+0,3%). Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында баға өзгермеген. Шымкент қаласында бағаның 10,5%-ға арзандауы байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу