Қазақстанда жұмыртқа бағасы 11 пайызға қымбаттады

663

Ең қымбат жұмыртқа Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Шымкент пен Қарағанды қалаларында сатылып жтыр. 

Қазақстанда жұмыртқа бағасы 11 пайызға қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросы сарапшылары соңғы бір айда елімізде жұмыртқа құны орташа есеппен 11,6%-ға қымбаттағанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының тізбесіне кіретін бірінші санаттағы жұмыртқаларды ғана тіркейді. Ақтөбеде 29,3 пайыз, Павлодарда 20,9 пайыз, Шымкентте 20,6 пайыз, Ақтауда 19,6 пайыз, Қарағандыда 19,5 пайыз өскені тіркелді. Бағасы төмені: Қонаев, Астана, Өскемен", – дейді тұтыну бағалары статистикасы басқармасының сарапшысы Таңшолпан Кереева.

Қазір елімізде 58 құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 29 фабрика жұмыртқа өндіреді. Мамандар бағаның күрт өсуін биылғы сапасыз жиын-терін науқанымен байланыстырады. Оған қоса, делдалдар да өз пайызын қосуы мүмкін.

"Жұмыртқа мен құс еті құнының 70 пайызы жемге кетеді. Биыл жақсы егін жинағанымызбен, астықтың көбі сапасыз болды. Сондықтан Ресейден жоғары сапалы жем сатып алдық. Құс фабрикалары сауда министрлігімен келісілген меморандумды ұстанады. Олар 50 теңгеден жоғары баға қоймайды. Біз бар болғаны 40 теңгеден сатамыз. Оның үстіне делдалдар 15 пайыз, саудагерлер тағы 15 пайыз қосады. Мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресейде, Қырғызстанда, Беларусьте те бар", – дейді Қазақстан құс өсірушілер одағаның президенті Руслан Шәріпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу