Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың басым бөлігі Ресейден келген

396

Екі елдің президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бейнеконференцияға қатысуда.

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың басым бөлігі Ресейден келген Фото: akorda.kz

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Форумға екі елден Үкімет мүшелері, Қазақстан мен Ресей облыстарының басшылары, ведомстволардың, ғылыми орталардың өкілдері, 200-ден астам бизнесмендер қатысуда.

– Сіздерді Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастығының форумында қарсы алғаныма қуаныштымын. 20 жыл ішінде бұл платформа Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді стратегиялық әріптестікті нығайтуға үлкен үлес қосып, өзінің өзектілігі мен тиімділігін көрсетті. Жалпы, сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіптік кооперациялардағы өзара іс-қимылымыз жылдан жылға тұрақты өсу үстінде. Осылайша, екіжақты тауар айналымы бүгінде 27 миллиард долларға жетті, бұл рекордтық көрсеткіш. Ресейден келген тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің қатысуымен 42 мыңнан астам кәсіпорынның 19 мыңының жартысына жуығы ресейлік компаниялар екенін атап өтті.

– Біз экономиканың барлық дерлік салаларында: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлікте, инфрақұрылымда өзара әрекеттесеміз. Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан деңгейін ерекше атап өткім келеді. Жақында Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитінің басталуы маңызды оқиға болды. Бұл жоба Орталық Азиядағы өңірлік тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуда шешуші рөл атқарады, деп атап өтті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу