Қазақстанда жұмысқа орналастыру саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 2023 жылдың қаңтар-маусымында 256,2 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6% артық. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 1,5 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Көрсетілген қызмет түрлері бойынша ең көп көлем еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша қызметте – 220,7 млрд теңге, одан кейін жұмыспен қамту органдарының қызметі – 34,5 млрд теңге тиесілі. Уақытша жұмыспен қамту органдарының қызметі – 940 млн теңгені, стратегиялық объектілерге қызмет көрсетуді техникалық және қосалқы персоналмен қамтамасыз ету бойынша ұлттық компаниялар құрған ұйымдардың қызметі – 72,8 млн теңгені, ұлттық басқарушы холдинг үшін персоналды есепке алуды жүргізу қызметі – 23,2 млн теңгені құрады.
Жоғарыда аталған қызметтің ең көп көлемі Атырау облысында – 196,9 млрд теңге, одан кейін Алматы қаласы мен Маңғыстау облысы, сәйкесінше 26,3 млрд және 11 млрд теңгеден. Ең азы Солтүстік Қазақстан облысында – 58 мың теңгеге.