Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 37%-ға өсті . Жыл басынан бері жұмыс іздегендер саны шамамен 436 мыңға жеткен. Ағымдағы жылдың маусым айына дейін жұмыспен қамту қызметтерінде 97 мың адам тіркеуге тұрған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 68 мыңның айналасында болатын. Мұндай мәліметті Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынып отыр.
Статистикаға жүгінсек, жалпы Еуразиялық кеңістікте 1,1 млн адамның тұрақты жұмысы жоқ. Бұл барлық экономикалық белсенді халықтың 1,2 пайызын құрайды. Ал статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздың төңірегінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу