Қазақстанда көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды

102

ІІМ қылмыскерлерді іздестіру бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр.  

Қазақстанда көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды Фото: gov.kz

Жыл басталғалы Қазақстанда Қырғызстаннан іздеуде жүрген 10 күдікті, Өзбекстаннан біреу, Түркиядан 3 күдікті құрықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал Қазақстан аумағынан көршілес елдердің сұрауы бойынша 51 адам ұсталған:

  • Өзбекстан азаматы – 38;
  • Қырғызстаннан – 11;
  • Әзірбайжаннан 2 азамат қолға түскен.

Полиция бірлескен жұмыс жоғары тиімділік пен үйлесімділікті көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу