"Елімізде соңғы уақытта балалар үйлерінің санының азайып келе жатқанын атап өткен жөн. Ең басты қағида – баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда еліміздегі 22081 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3790 бала 84 ұйымда тәрбие алып жатса, қалған 18 291-і отбасында тәрбиеленуде. Бұл – өз отбасында бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінің нәтижесі. Қазіргі кезде Министрлік денсаулық жағдайына қарамастан барлық балаларды қабылдауға дайын болатын қосымша кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру бойынша заңнамалық деңгейде жұмыс жүргізуде", - деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, биыл 4 балалар үйі жабылған.