Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам неке қиылды

300

Неке қию бойынша Алматы көш бастап тұр.  

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам неке қиылды Фото: el.kz

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Неке қию көрсеткіші бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Қалада 12 344 неке тіркелген. Екінші орында – Астана қаласы, мұнда 9 074 жұп некесін ресми түрде рәсімдеген. Үшінші орында 5 611 неке тіркелген Түркістан облысы тұр.

Айлар бойынша ең жоғары көрсеткіш маусымда тіркелді. Бұл айда 15 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген. Тамызда 11 761, шілдеде 11 674 неке қиылған.

Жалпы жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрған. Бұл сегіз айда тіркелген некелердің жартысынан астамын құрайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілген. Осы уақыттан бері мамандар шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берген.

Қазір неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей бару арқылы, электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн беруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу