Қазақстанда жыл сайын шамамен 60 мыңдай ұялы телефон қолды болады, олардың тек 5%-дайы ғана иесіне қайтарылады. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасына еліміздің ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлім етті.
Оның айтуынша, көп жағдайда ұялы телефонын балалар ұрлатып алатын көрінеді. Ендігі жерде қылмыскерлерді олардың маңына жуытпауға мүмкіндік беретін құрал пайда болмақ.
Министр сондай-ақ ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу туралы да сөз етті.
"Үшіншіден, IMEI-кодтар базасын құрудағы халықаралық, атап айтқанда Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан секілді елдердің оң тәжірибесі ескеріледі", – деп хабарлады Дәурен Абаев.
Айта кетейік, бұдан былай телефонын ұрлатып алған адам полицияға арыз түсірісімен байланыс құралы бұғатталатын болады.