Қазақстанда жыл соңына дейін 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады

1014

Қазақстанда жыл соңына дейін 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады

Елімізде жыл соңына дейін 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл туралы Үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

 "Денсаулық сақтау жүйесі – әрбір адамға қатысты маңызды сала. Медициналық қызметтерге қолжетімділік пен олардың сапасы Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде мемлекет қаражатына 1300-ден астам денсаулық сақтау объектісі салынды, соның ішінде жыл соңына дейін 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады", - деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңірлерде кардиохирургиялық емдеу бөлімшелері ашылғанын, Қазақстанда алғаш рет жүрек пен миға ота жасала басталғанын атап өтті.

"Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде Қазақстанға емделуге келген шетелдік азаматтардың саны 7,5 мың адамнан асты. Іске асырылған шаралардың нақты мақсаты – халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығын ұлғайту, ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 67 жасты құраса, қазір 72 жасқа жеткен. 25 жыл ішінде біз өмір сүрудің орташа ұзақтығын 5 жылға ұлғайттық. Сонымен бірге, ана өлімі – 5 есе, балалар өлімі 3 есе азайған. Бұл өте үлкен жетістік", – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу