Қазақстанда жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұл саны артты

401

Қаңтар-маусым айларында белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асырғаны үшін 1,6 миллион әкімшілік айыппұл салынды. 

Қазақстанда жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұл саны артты Фото: lada.kz

Былтырғы деңгеймен салыстырсақ, 40%-ға немесе 450,5 мың бірлікке артық көрсеткіш. ҚР БП ҚСжАЕК деректерінен алғашқы 6 айдың қорытындысы бойынша мұндай максималды көрсеткіш соңғы 10 жылда болмаған, деп жазады Inbusiness.kz.

Бір қызығы, бұл көрсеткіш 2018 жылдан бастап тұрақты түрде өсіп келеді және өсу қарқыны өте белсенді. Нәтижесінде, соңғы 3 жылда ол өте жоғары деңгейде - 1 млн. бірліктен астам. 

Әрине, мұның бәрі салынған айыппұлдардың жалпы сомасының өсуіне әкеледі. Бір жыл ішінде ол 61%-ға — 12,8 млрд теңгеден 20,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оған,әрине, айыппұлдың орташа мөлшерінің 15%-ға (1,7 мың теңге), 13 мың теңгеге дейін өсуі де белгілі бір деңгейде әсер етті.

Қазір салынған айыппұлдардың өндіріп алынуы 78%-ды құрайды. Яғни, қаражаттың бестен бір бөлігі қазынаға түспейді. Алайда, бұл жаман емес. 10 жыл бұрын өндіріп алу 50%-ға да жетпейтін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу