Қазақстанда жылу электр стансаларын жөндеу кешіктіріліп жатыр

187

Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындық кезінде қосымша көңіл бөлетін энергетикалық кәсіпорындарды белгіледі.  

Қазақстанда жылу электр стансаларын жөндеу кешіктіріліп жатыр Фото: inbusiness.kz

Олардың қатарына Риддер мен Екібастұздағы ЖЭО-лар, Теміртаудағы 2-ші ЖЭО кірді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Министрліктің хабарлауынша, 2024 жылы 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Үш энергия блогында 32 қазандықта, 16 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңде жүріп жатыр. Бір энергия блогын, 6 қазандықты және 9 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Министр жылыту маусымына дайындық кезінде қосымша көңіл бөлетін энергетикалық кәсіпорындар белгіленгенін атап өтті:

- [ ] Риддер ЖЭО-да 5-ші қазандықты жөндеу керек, бірақ жұмыс әлі басталмаған. Оның айтуынша,белгіленген мерзімде циркуляциялық су құбырын ауыстыруды, 4 турбинаны жөндеуді және күл үйіндісін тазалауды аяқтау маңызды.

- [ ] Екібастұз ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын бастау мерзімі маусымның үшінші онкүндігі ауыстырылады. Осы жылдың қыркүйеігне дейін 4 су жылыту қазандығына жоспарланған жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет. 

- [ ] Теміртаудағы 2-ші ЖЭО-да бірінші қазандықты жөндеуді бастау мерзімі маусымнан тамызға — 2 айға кейін шегерілді. 

- [ ] Жезқазған ЖЭО-да тиісті резервті қамтамасыз ету үшін 5 қыркүйекке дейін қазандықты жөндеуді жеделдету қажет.

- [ ] Жөндеу жұмыстарының бір бөлігін 2023 жылдан 2024 жылға ауыстыруға байланысты "МАЭК" ЖШС электр станцияларында барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарының орындалуын жеделдету қажет.

- [ ] Кентау ЖЭО-да 5 қазандықты жөндеу басталған жоқ, ал 8, 11-қазандықтарды қайта жаңарту мерзімінен артта қалған (3-тен 24 тәулікке дейін). Ал 7 және 12-қазандықтарды қайта құру енді ғана басталды.

- [ ] Степногорск ЖЭО-да жөндеу мерзімдерінің кейінгі мерзімге ауыстырылғаны атап өтілді, деп толықтырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу