Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ел бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54% -ті құрайды.
"Қазір барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға министрлік республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлді", делінген хабарламада.
Айта кету керек, мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43% -ке дейін төмендету міндеті тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу