Қазақстандағы 2 ірі ГЭС-тің иесі ауысты

Бұл туралы KASE хабарламасында жазылған. 

Қазақстандағы 2 ірі ГЭС-тің иесі ауысты Фото: inbusiness.kz

Сәуірдің 28-і күні "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ " АЭС Шүлбі СЭС " ЖШС және "АЭС Өскемен СЭС" ЖШС-де 100% қатысу үлестеріне ие бола бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) есебіне сілтеме жасап.  

"Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) 2023 жылғы 25 сәуірден бастап "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС және "АЭС Өскемен ГЭС" 100% қатысу үлестеріне ие бола бастады", – деп жазылған ақпаратта.

2021 жылдың желтоқсанында араб инвесторларымен Шүлбі және Өскемен су электр станцияларын жекешелендіру бойынша келіссөздер жүргізілгені хабарланды.

Кейін Үкімет Қазақстан мен БАӘ үкіметтерінің басым салалардағы жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы заң жобасын Мәжілістен кері қайтарып алды.

2022 жылдың 19 наурызында Энергетика министрлігі Өскемен және Шүлбі ГЭС-інің гидротехникалық құрылыстары жекешелендірілмейтінін және сатылмайтынын хабарлады.

Биылғы жылдың қаңтар айында тиісті саланың уәкілетті органы мен ұлттық қауіпсіздік органдары салалық оң қорытындысы берген жағдайда ГЭС "Самұрық-Қазына" қорына өтуі мүмкін екені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу