Туризм жəне спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 млн турист келді. Қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 млрд теңгеге жеткен.
Назарларыңызға туристер арасында ең танымал бес демалыс өңірін ұсынамыз:
5-орын: Балқаш курорттық өңірі
Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.
4-орын: Алакөл курорттық өңірі
Алакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған.
3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі
Бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған.
2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі
Маңғыстаудың көрікті жері мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.
1-орын: Алматы тау кластері
Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған.