Қазақстандағы 5G технологиясын Kcell және Ericsson компаниялары бірігіп енгізуге ниетті

366

Бұл қадам еліміздегі цифрлық трансформацияға тың серпін бермек.

Қазақстандағы 5G технологиясын Kcell және Ericsson компаниялары бірігіп енгізуге ниетті

Қазақстанда 5G технологиясын кеңінен өрістету үшін Kcell мен шведтік телекоммуникациялық корпорация Ericsson ниеттестік келісімге қол қойды. 7 жылдық ынтымақтастық аясында заманауи технологиялар негізінде байланыс желілерінің қамту аймағы кеңейіп, жүйрік интернет көпшілікке қолжетімді болмақ.

Kcell және Ericsson компаниялары 25 жылдық табысты ынтымақтастығының аясында Қазақстанда 5G технологиясын кеңінен енгізіп, дамытуды мықтап қолға алатындарын мәлімдеді. Екеуара серіктестіктің арқасында жаңа байланыс технологиясының дәуіріне айтарлықтай қадам жасалады. Бұл осы сала үшін де, тұтынушылар үшін де әлеуеті зор.

"5G енгізутуралыүлкенқызығушылық тау-кенөнеркәсібінде де бар. Өйткені, бұлпроцесстердіавтоматтандыруғажәнеқауіпсіздікүшін керек. Мұның барлығы бизнесті айтарлықтай жақсартуға септігін тигізеді", - дейді "KCELL" АҚ бас техникалық директоры Кирилл Страшенко.

"Біркездері 4G желісінің іске қосылуы қолданбалы экожүйені дамытуды ынталандырды. Таксиге тапсырыс беру әлдеқайда жеңілдеген болатын сол кезеңде. 4G сияқты, 5G де жаңа инновациялық сценарийлерді құрудың шексіз мүмкіндіктерін ұсынады - бұл жағдайда пайдаланушылар үшін ғана емес, сонымен қатар бизнес пен жалпы мемлекет үшін тиімді тұстары жетерлік", - дейді Орталық Азиядағы Ericsson директоры Айдын Абжанбеков.  

2023 пен 2030-шы жыл аралығын қамтитын серіктестік аясында қос компания бірігіп жұмыс істеуге ниетті. Осылайша олар еліміздегі технологиялық инфрақұрылымды жақсартып, инновацияны ынталандырмақ.

"Бұл параметрлерге 1 метрге дейінгі геолокация, темір жол қозғалысы немесе басқарылатын пойыздар үшін кеңейтілген басқару мүмкіндігін береді", - Орталық Азиядағы Ericsson радио және қоғамдық көлік бойынша техникалық директоры Анатолий Ильяич.

Қос компания Қазақстанның көптеген өңірінде 5G жаңа технологиясын енгізуді көздеп отыр. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және бұл жаңашылдық бірқатар қалаларды да қамтиды. "Кселл"  компаниясының басқарма Төрағасы Асхат Өзбековтің айтуынша, 5G алдыңғы буындардан айырмашылығы сол, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жаңа бизнес үлгілерін жасауға мүмкіндік беретін революциялық және қауіпсіз әлеуетке ие. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу