Қазақстандағы 65 мың ресейлік үшін 17 қалада сайлау учаскесі ашылған

878

 Қазақстандағы 65 мың ресейлік үшін 17 қалада сайлау учаскесі ашылған

Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстанның 17 қаласында өз еліндегі президент сайлауына қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы Ресейдің елшісі Алексей Бородавкиннің ТАСС-қа хабарлауынша, Қазақстанда РФ-дағы президент сайлауының заңға сәйкес өткізілуіне барлық жағдай жасалған. Оның берген ақпаратына сәйкес, консулдықтың есебінде Қазақстанда тұрақты түрде тұрып жатқан 65 мың ресейлік тіркелген. Сонымен қатар, РФ азаматтары Қазақстандағы бизнес-құрылымдарда еңбек етіп, білім тәжірибесін бөлісу жұмыстарына қатысуда. Мемлекеттік мекемелер желісінде іссапарда жүргендер де бар.

"Сайлау процесінің ұйымдастырылуына, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сайлау учаскелерінің күзетілуіне қазақстандық әріптестер көмектескенін атап өту керек. Қазақстанның әртүрі қалаларында - 18 сайлау учаскесі мен Байқоңыр аумағында тағы бірнеше сайлау учаскесі бар", - деді ол.

Елшінің айтуынша, Астанадағы сайлау учаскесінің ашылуының алғашқы кезеңінде 50 адам келіп дауыс беріп кеткен. Сайлаушылардың белсенділігі ерекше болып отыр.

Еске сала кетсек, бүгін Ресейде президент сайлауы өтіп жатыр. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, Орталық сайлау комитеті дауыс беруге құқылы 110 миллион 858 мың 228 сайлаушының барын жариялаған. Олардың 108 миллион 968 мың 869-ы Ресейде, 1 миллион 889 мың 359 адам шетелде дауыс бере алады. РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарованың хабарлауынша, әлемнің 145 еліндегі 378 учаскеде ресейлік азаматтар сайлауға қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу