Қазақстандағы әйелдер саны ерлер санынан бұрынғыдай басым

277

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Қазақстандағы әйелдер саны ерлер санынан бұрынғыдай басым Фото: newtimes.kz

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Пайызбен айтсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердікі – 51,4% (9 861 175 адам).

Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер саны 1,5 млн артты. Қазақстанда 1000 әйелге 946 ерден келеді.

Бұл ретте ерлердің әйелдерге қарағанда арақатынасы тек екі өңірде – Қызылорда және Түркістан облыстарында көп, онда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу