Қазақстандағы АҚШ елшілігі қысқаметражды фильмдер байқауын жариялады

885

Ережеге сай, байқауға қатысушылар екі күнде 4 минуттық фильм түсіруі керек.

Қазақстандағы АҚШ елшілігі қысқаметражды фильмдер байқауын жариялады

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы "48 сағатта түсіру" атты жыл сайын өтіп тұратын қысқаметражды фильмдер бәйгесін жариялады, деп хабарлайды altaynews.kz елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ережеге сай, байқауға қатысушылар екі күнде 4 минуттық фильм түсіруі керек. Байқау 6-7 сәуір күндері болады. Кейін түсірілген жұмыстар барлық аймақтағы кинотеатрларда көрсетіледі.

"Мен киноның Отаны саналатын Калифорнияданмын. Киноның нағыз өнер, қызып тұрған бизнес екенін жақсы білемін. Біздің байқауымызша, Орталық Азиядағы фильммейкерлердің әлеуеті жоғары. Оларды сынап, байқап көргіміз келеді", – деді АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Эрик Майер.

Жеңімпаз Нью-Йорктегі цифрлық кино академиясына үш рет барып, ол жақтан үйренуге мүмкіндік алады. Жол шығынын ұйымдастырушылар көтереді.

Естеріңізде болса, былтыр байқауға 1,5 мың үміткер қатысып, 330 кино түскен. Туындылар Қазақстандағы барлық қалада және Бішкекте көрсетілген, сондай-ақ бірнеше байқауға жіберілген болатын.

Байқауға қатсамын деушілер 4 сәуірге дейін онлайн тіркеле алады. Бәйгеге Орталық Азиядағы 5 мемлекеттен 18 жастан асқан кез келген үміткер түседі.

Байқау туралы ақпаратты #48hfr2019 хэштегі арқылы біліп отырасыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу