Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінде қалады

924

Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінде қалады

Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Жорж Крол қызметінде қалатын болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

The New York Times басылымының 2017 жылдың 5 қаңтарында таратқан ақпаратына сүйенсек, АҚШ-тың әр елдегі елшісі 20 қаңтарға дейін қызметінен кетуі керек. Бұл жүйе АҚШ-тың үкіметі ауысқан кезде орнап отырады. Дегенмен тәртіпке сай, саяси тағайындалған елші ғана қызметінен кетуге міндетті. Ал кадрдағы елші-дипломаттар орнында қала береді.

"Саяси тағайындалған елші Құрама штаттарының сыртқы дипломатиялық қызметінің мүшесі емес. Бұл санаттағы елші АҚШ-тың бүкіл әлемдегі елшілерінің үштен бірін құрайды. Ал, қалғаны АҚШ кадрлық дипломатиялық сыртқы саясатының мүшелері. Қазақстандағы АҚШ елшісі Жорж Крол кадрлық елші болып саналады, сондықтан ол 20 қаңтарға дейін де, кейін де қызметін жалғастыра береді", –  деп хабарлады АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу