Қазақстандағы ақшаны аз жұмсайтын өңір анықталды

438

Қазақстандықтардың шығынының жартысынан көбі тамаққа кетеді. 

Қазақстандағы ақшаны аз жұмсайтын өңір анықталды Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы 2 тоқсандағы мәліметтері бойынша өңірлер бойынша жан басына шаққандағы ең жоғары орташа табыс Астана қаласы (408,1 мың теңге), одан кейін Қарағанды ​​облысы (368 мың теңге), одан кейін Алматыда (363,6 мың теңге) болып табылады. Ал Жетісу өңірінің тұрғындарының орташа табысы ең төмен – 203,2 мың теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шығындарға тоқталар болсақ, ай сайынғы шығыс  көлемі бойыша Алматы көш бастап тұр (жан басына шаққанда 359,4 мың теңге), одан кейін астаналықтар (345,8 мың теңге), үшінші орында Қарағанды ​​облысы (323,5 мың теңге).

Ең аз ақшаны Түркістан облысының тұрғындары (жан басына шаққанда 180,9 мың теңге) жұмсайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу