Қазақстандағы ақылы жолдарға автоматты таразылар қойылды

1101

Қазақстандағы ақылы жолдарға автоматты таразылар қойылды

Биыл қыркүйекте Қазақстандағы үш жол учаскесінде ақылы жүйе тестілік режімде іске қосылады. Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ақылы жол біраз уақыттан бері Астана мен Бурабай аралығында енгізілді. Енді басқа да республикалық маңыздағы жолдарда ақылы жүйені енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай автожолдарының учаскелерінде ақы төлеу жүйесін енгізу жұмыстары атқарылып жатыр", — деді ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитов.

Белгілі болғандай, осы жүйе қыркүйек айында тестілік режімде іске қосылмақ. Өз кезегінде "Қазавтожол" ҰК" АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рустам Исаев бүгінде елімізде ақылы жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін арнайы тұғырнама әзірленгенін атап өтті. Қазіргі кезде осы тұғырнама аясында "Астана-Бурабай" жолындағы жүйе жүмыс істеп тұр.

"Бұл бағдарламалық тұрғырнама "Қазавтожол" тарапынан жеке даярланды. Алдағы уақытта бұл жүйені өзге де ақылы учаскелерге енгізбекпіз", — деді Исаев.

Оның сөзіне қарағанда, аталған жолдарда жол ақысын есептейтін бекеттерде автоматты таразылар орнатылған. "Бұл жабдықтар қозғалыстағы көліктердің салмағын анықтайды. Осы арқылы жүкті шамадан тыс тиеген автокөліктердің жолдың қабатына қаншалықты залал келтіргені белгілі болады. Бұдан кейін бұл ақпаратты "ситуациялық орталықтарға" бағыттаймыз. Сәйкесінше, Көлік комитеті тиісті жұмыстарды атқарады", — деді Рустам Исаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу