Қазақстандағы алғашқы АЭС 8 жылдың ішінде салынып бітуі мүмкін

249

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында елдегі алғашқы АЭС-тің құрылыс мерзімін қысқаруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстандағы алғашқы АЭС 8 жылдың ішінде салынып бітуі мүмкін Фото: canva.com

 – АЭС-тің бірінші блогын салуға қандай да бір сын-қатерлер кедергі келтірмесе, 10-12 жыл кетуі мүмкін. Бірақ біз технология бір орнында тұрмайтынын түсініп отырмыз. Әлемдегі орташа мерзімдерді ескерсек, бірінші блокты 8 жылдың көлемінде салып бітіру үшін ресми вендорлардың алдына мерзімді жылдамдату туралы мәселе қоя аламыз, – деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу