Қазақстандағы әрбір бесінші жұмыссыз Алматы мен Алматы облысында тұрады

1211

Бұл аймақта жұмыс іздеп жүрген 100 мыңнан астам адам бар. 

Қазақстандағы әрбір бесінші жұмыссыз Алматы мен Алматы облысында тұрады

Халықтың жұмыссыздық деңгейі екінші жыл қатарынан өзгеріссіз қалып, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4,9%-ды құрады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмыссыздар саны бір жылда 0,6%-ға азайып, 450,4 мың адамды құрады. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштің бірден 2,6%-ға өсуі байқалды. 

Сонымен қатар қала мен ауылдағы жұмыссыздықтың алшақтығы артып келеді. Осылайша, жыл басында қалалардағы жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың соңымен салыстырғанда өзгеріссіз қалған 5%-ды құрады. Бұл ретте ауылдағы жұмыссыздық деңгейі бір жылда 4,8%-дан 4,7%-ға төмендеді.

Гендерлік жағынан алшақтық бұдан да зор. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі бір жыл ішінде 4,4%-дан 4,1%-ға төмендесе, әйелдер арасында, керісінше, 5,4%-дан 5,6%-ға дейін өсті.

Қазақстан Республикасының облыстары арасында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан облысы мен Алматы қаласында – 5,1%-ды құрады. Одан кейін Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы тұр (5%).

Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысында тіркелді – небәрі 4,6%.

Сандық тұрғыдан алғанда жұмыссыздардың ең көп саны Алматы қаласында тұрады (52,9 мың адам). Одан кейінгі орында Алматы (49 мың адам) және Түркістан (41,8 мың адам) облыстары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу