Қазақстандағы әскери ұшу институтына жаңа басшы тағайындалды

1822

ҚР қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша әскери ЖОО-ға басшылық ету авиация генерал-майоры Дәурен Қосановқа тапсырылды.  

Қазақстандағы әскери ұшу институтына жаңа басшы тағайындалды

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Карбенов институттың жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Даурен Қосановтың тәжірибесі мен жеке қасиеттерін атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

"Сізге жай ғана Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтын басқаруды сеніп тапсырған жоқпыз. Бүгінгі күннен бастап Қазақстанның әскери авиациясының болашағы сіздің қолыңызда. Еліміздің әуе шебінің қауіпсіздігі, сіздің курсанттарды тәрбиелеуіңізге байланысты", – деді Бас қолбасшы жаңа басшыға.

Авиацияның генерал-майоры Дәурен Қосанов – тәжірибелі әскери ұшқыш. Ол Армавира жоғарғы әскери авиация училищесін, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын тәмәмдаған. Үшаралдағы жойғыш полкінде қызмет етуді бастап, Талдықорғандағы Су-27 жойғышын басқарды. Қарағанды штабының бастығы және Шымкент авиациялық базасының командирі болып қызмет етті.

Әскери ұшқыш ретінде генерал-майор Қосанов ұшақтың көптеген түрлерін меңгерді. Атап айтқанда СУ-25 шабуылдау ұшағы, Су-27жойғыш-бомбалаушы, Су-30СМ көпфункцияналды жойғышы.

2013 жылдан бастап Дәурен Қосанов Қазақстан Әскери-әуе күштерін басқарды. 2015 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша оған авиация генерал-майоры атағы табысталды. Оның еңбегі үшін мемлекеттік наградалар, ІІ дәрежелі "Айбын" ордені, "Жауынгерлік ерлігі үшін", 1,2 және 3 деңгейлі "Мінсіз еңбегі үшін" медальдары, сондай-ақ мерейтойлық наградалары табысталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу