iqair.com сайты нақты уақыт режимінде ауасы ең лас Қазақстанның 10 қаласының тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Еліміздің аумақтық бөлінісінде қала санатына кірмесе де Бурабай бұл тізімде бірінші орында тұр. Ондағы ауа сапасының индексі 147 болыпты.
Бұл рейтингте екінші орында Қарағанды тұр, ауа сапасының индексі 135. Одан кейінгі орында Шетпе (Маңғыстау облысы) (85) . Ал, ауасы лас қалалардың бірі саналатын
Теміртау төртінші орында (80). Ералиев (Маңғыстау облысы) елді мекені (79) бесінші , Атбасар (Ақмола облысы) (76)алтыншы, Ақтау қаласы (73) жетінші орында тұр.
Ауа сапасының индексі 69 болған Астана қаласы сегізінші болыпты. Тоғызыншы орында Павлодар (64), оныншы болып Жетібай (Маңғыстау облысы) қаласы (55) тұр.
Ал үнемі түтін басып тұратын Алматы қаласы бұл рейтингке кірмепті.