Қазақстандағы аудандық соттардың 10%-дан астамы төрағасыз отыр

Бұл туралы Сенат отырысында Жоғарғы сот судьясы Нұрсерік Шәріпов мәлім етті.  

Қазақстандағы аудандық соттардың 10%-дан астамы төрағасыз отыр Фото: azh.kz

"Бүгінде аудандық сот төрағасы вакансиясы аса сұранысқа ие емес.   Мұны ашық айту керек. Жауапкершілік пен міндет көп. Қазір 390 аудандыққа теңістірілген соттар және 40 аудандық соттың төрағасы жоқ", - деді Шәріпов.

Оның айтуынша, мұндай жағдай шалғай аудандарда ғана байқалмайды.

"Тіпті облыс орталықтарында осындай жағдай қалыптасқан. Мысалы, Арқалық қаласында,  Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы экономикалық сот екі жыл тоғыз ай төрағасыз жұмыс істеуде", - деп қосты Шәріпов.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңының және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобалары қаралып, Сенат бірінші оқылымда мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу