Қазақстандағы автокөлік иелерінің орташа жасы қандай?

714

Көлік маркасына байланысты автокөлік иелерінің жасы да ерекшеленетінін атап өту керек.

Қазақстандағы автокөлік иелерінің орташа жасы қандай?

2021 жылы Қазақстан автобизнес қауымдастығы автокөлік иелері арасында жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, елдегі автокөлік иелерінің орташа жасы – 39 жас. Оларға елімізде танымал Toyota, Hyundai, Kia, Volkswagen, Audi және Lexus маркаларының иелері кіреді, деп жазады inbusiness.kz. 

BMW маркалы көлігінің иелері орташа есеппен 34 жаста екен. Ал UAZ автомобиль иелері орташа есеппен алғанда 44 жаста.

Жаңа көлік мінетіндер көбінесе 35-44 жастағылар көрінеді.

Автөкөлік иелерінің қатарында 35-44 жастағы әйелдер мен 25-34 жастағы ер адамдар басым. Сауалнама қорытындысына сәйкес, Hyundai Cresta және Nissan Qashqai маркалы көліктерінің жартысы әйелдерге тиесілі екен. Респонденттердің 63%-дан астамы Kia Picanto көлік маркасын әйелдерге арналған көлік деп есептейді.  

Айта кету керек, Қазақстан автобизнес қауымдастығы жүргізген сауалнамада автокөлікпен байланысты негізгі артықшылықтардан бөлек, сұралғандардың жасы мен жынысы да ескерілді. Барлығы 73 мыңнан астам сауалнама өңделген. Олардың негізінде еліміздегі автокөлік иелерінің жас құрылымы, олардың жасы бойынша автомобиль брендтерінің рейтингі жасалынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу