Қазақстандағы Аза тұту күніне орай ШЫҰ штаб-пәтерінде тулар төмен түсірілді

1028

ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов Қазақстан халқына көңіл айтты.

Қазақстандағы Аза тұту күніне орай ШЫҰ штаб-пәтерінде тулар төмен түсірілді

Қазақстандағы коронавирус пандемиясынан қаза болған азаматтарды еске алуға байланысты жарияланған Аза тұту күніне орай Қазақстан халқының қайғысына ортақ екендігінің белгісі ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтерінде ұйымға мүше мемлекеттердің тулары төмен түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының көпұлтты ұжымы атынан және өз атымнан елдегі Ұлттық аза күніне байланысты Қазақстан халқына шын жүректен көңіл айтамын", – деп атап өтті ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстан халқымен ынтымақтастықта және "Шанхай рухын" ұстана отырып, ынтымақтастықты жандандыруға, жалпы қатерді болдырмау мақсатында пандемияға қарсы іс-қимылда Қазақстанға жәрдем көрсетуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын",– деді ол.

"Қазақстан осы сынақты жеңе алатынына және індеттің таралуы тоқтайтынына нық сенім білдіреміз", – деп атап өтті бас хатшы.

ШЫҰ - бұл тұрақты үкіметаралық халықаралық ұйым, оны 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері құрды. 2017 жылдың маусымында Үндістан мен Пәкістанға Ұйымға мүше мемлекет мәртебесі берілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу