Қазақстандағы балалар саны 6,8 млн құрайды

208

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстандағы балалар саны 6,8 млн құрайды Фото: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 млн ұлғаяды. Оның айтуынша, елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады.

"Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және мектептердің апаттылығы болып отыр. Оны шешу үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба толық жүзеге асқан сәтте жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деді спикер ЛКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу