Қазақстандағы банктер 195 килограмнан аса алтын сатты

1095

Ұлттық банк жергілікті нарықта толық көлемдегі алтын құймаға (салмағы шамамен 12-13 кг) сұраныс болған жағдайда, мұндай құймаларды сатуға дайын.

Қазақстандағы банктер 195 килограмнан аса алтын сатты

Қазақстан Ұлттық банкі алтынының портфелі 2018 жылғы 6 желтоқсандағы жағдай бойынша 347 тоннаны немесе 13,8 млрд АҚШ долларының баламасын құрайды, бұл бағалы металл қоры бойынша Қазақстанды 15-орынға шығарды.

Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырған кезден бері Ұлттық банк отандық өндірушілерден шамамен 226 тонна тазартылған құйма алтынды сатып алған.

2017 жылғы мамырда Қазақстан Ұлттық банкі халық үшін өлшеуіш тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске қосты.

Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер – "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Цеснабанк" АҚ, сондай-ақ айырбастау пункттері арқылы сатылуда. Клиентке "күнбе күн" ақша төлей отырып, екінші деңгейдегі банктердің оларды кері сатып алуға болатындығы алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Алтын құймалардың 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық бес түрі бар. Бүгінгі күні банктер 195 килограмнан аса алтын сатқан.

Қазақстан өндірушілері құймаларының танымалдығын арттыру үшін Ұлттық банк тазартылған алтынды сыртқы нарықта еркін айырбасталатын валютаға 2 тоннаға немесе отандық өндірушілерден жыл сайын сатып алынатын алтын көлемінің шамамен 4%-на дейінгі көлемде сату жөніндегі операцияны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар жергілікті нарықта толық көлемдегі алтын құймаға (салмағы шамамен 12-13 кг.) сұраныс болған жағдайда, Ұлттық банк халыққа мұндай құймаларды сатуға дайын. Сатылатын құймалар инвестордың портфеліндегі маңызды актив, әртараптандыру құралы бола алады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу