Банк секторының көлемі азаюы трендінен жаңылар емес. Наурыз айындағы қысқамерзімді өсімнен кейін екінші деңгейлі банктер сәуір мен мамыр айында қайта кедейлене түсті, деп хабарлайды naryk.kz.
Жыл басынан бері 5 айда елдегі банктер активінің жалпы көлемі 2,6 пайызға азайып кетті.
Естеріңізге сала кетейік, банк секторының қысқаруы 2016 жылдың желтоқсан айында басталған еді. Ол кезде бір ай ішінде банктер активтерінің 0,5 пайызын жоғалтқан болатын.
Бір қызығы, банктердің активінің азаюы нарық қатысушыларының несиелік белсенділіктерінің артуымен қатар жүзеге асуда.
2017 жылдың наурыз айынан бастап ҚР ЕДБ несиелік портфелінің жалпы көлемі көбейе бастаған еді. Ал соңғы үш айда ол 1,7 пайызға артты.
Ал мамыр айында банк секторының көлемі 12 млрд теңгеге кеміді. Дегенмен, 33 банктің 22-сі сол кезде керісінше активтерін көбейтіп алды.
Соның ішінде RBK банкі өз активін 126,7 млрд теңгеге (13,4%) арттырса, Qazaq Banki 83,3 млрд теңгеге (19,5%) ұлғайтты.
Үшінші орындағы Сбербанк бір айда өз активін 54,5 млрд теңгеге (3,4%) арттырды.
Естеріңізге сала кетейік, елбасының бұйрығымен Ұлттық қордан екінші деңгейлі банктерге сауықтыру қаржысы бөлінген еді.