Қазақстандағы барлық меморгандардың call-орталықтарына 1414 номері ортақ болады, деп хабарлады ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. Бұл туралы kaztag.info хабарлайды.
"Біз халықтың телефонның тұтқасын ұстап отырып Бас прокуратураның немесе ІІМ сенім номері қандай еді деп еске түсіре алмай отырғанын қаламаймыз. Баршаға ортақ 1414 номеріне хабарласу керек, сонда операторлар қойылған сұрақтың тақырыбына қарай қажетті органның call-орталығына жіберіп отырады. Ортақ номер болуы тиіс", - деді Д. Абаев жұмадағы "Азаматтар үшін үкімет" мемкорпарациясындағы брифингте.
"Қазіргі таңда жұмыстар жүргізудеміз, жыл соңына қарай нәтиже күтеміз. Келер жылдан бастап бірыңғай номерге көшеміз деген үміттеміз", - деп толықтырды ол.
Ведомствоның жоспарына 1414 call-орталығын жаңғырту да енгізілген.
"Басты мәселе біз адамдарды жоғалтудамыз. Хабарласқан адамдардың 10% күте алмай, тұтқаны тастай салады. Біз күту мерзімі 30 секундтан аспау керек екенін білеміз, алайда ол бүгінде 40 секундқа дейін барады", -деп атап өтті АКМ басшысы.