Қазақстандағы барлық түрме тексеріледі

2329

Сотталғандарды азаптауға қатысты оқиғадан кейін, ІІМ елдегі барлық түрмені тексермек.  

Қазақстандағы барлық түрме тексеріледі

Алматы облысындағы түзету мекемесіндегі оқиғадан кейін,ішкі стер министрі Ерлан Тұрғымбеков Қазақстан коллонияларында тексеріс жүретінін айтты, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

"Заречный орын алған фактілер басқа мекемелерде қайталанбас үшін осыған ұқсас жағдайлар болған мекемелерде ұлттық алдын алу шаралары, сондай-ақ азаматтық қауымдастық, ведомствоның қауіпсіздік департаменті бірлесіп тексеріс жүргізеді", – деді министр журналистерге.          

Өткен аптада Алматы облысының Заречный кентіндегі колонияда қызметкерлер сотталғандарды қалай азаптағаны жайлы жасырын камералар арқылы түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. 

Тексеріс қорытындысы бойынша аталған колонияның 14 қызметкері дисциплинарлық жауапкершілікке тартылған, жетеуі ішкі істер органдарынан кетті, ал бесеуі, оның ішінде колония бастығының орынбасары ұсталды. Екі қылмыстық іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу