Қазақстандағы барлық ЖЭО мен электр желілерінің аудиті қашан аяқталады?

Келер жылы "Жылуэнергетикасы туралы" заң қабылданады.   

Қазақстандағы барлық ЖЭО мен электр желілерінің аудиті қашан аяқталады? Фото: primeminister.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Энергетика министрі Үкімет отырысында осы заң аясында Ядролық және энергетикалық қадағалау комитетінің де қызметі күшейтілетінін атап өтті.

"Заң электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сатуды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жаңа мақсатты нарық үлгісіне көшуді қарастырады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында республикадағы барлық ЖЭО және электр желілеріне аудит аяқталады, ол нысандардың қазіргі техникалық жай-күйін анықтайды", - деді Болат Ақшолақов ҚР Үкіметінің отырысында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу