Қазақстандағы бензин қоры қанша күнге жетеді?

194

Жыл басынан бері 5,9 млн тонна мұнай өңделді. 

Қазақстандағы бензин қоры қанша күнге жетеді? Фото: Ведомости

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнай өнімдерінің өндірісі туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 5,9 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,4% пайызды құрады. Мұнай өнімдерін өндіру 4,28 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94% пайыз болды", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Министр нарықтағы мұнай өнімдері өндірісінің жағдайына тоқталды.

"Мұнай өңдеу зауыттарындағы, мұнай базалары мен жолдардағы дизель отынының жиынтық қорлары 612 мың тоннаны құрайды немесе 38 күнге, Аи-92 – 352 мың тоннаны немесе 30 күнге, Аи-95 – 86 мың тоннаны немесе 30 күнге жетеді. Қорлар жанар-жағармай өндіруге және өңірлерден өтінімдер беруіне қарай толықтырылады. Мұнайды қайта өңдеу тереңдігі және жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 85-87% пайызға дейін ұлғайтылды", - деді Сәтқалиев.

5 мамырда Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу аяқталып, зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу