Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі: Ғалымдар ШҚО қоғам белсенділерімен кездесті

336

Бұл онкологиялық науқастарды емдеу мәселелерінде маңызды.

Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі: Ғалымдар ШҚО қоғам белсенділерімен кездесті Фото: Министрлік

Ғалымдардың уақытты есептеу тәртібі бойынша жұмыс тобы UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді түсіндіру үшін азаматтық белсенділермен, медицина қызметкерлерімен, Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңестері мен бірлестіктерінің төрағаларымен, сондай-ақ мәслихат депутаттарымен және ҚХА өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаковтың айтуынша, жергілікті тұрғындар арасында бірыңғай сағат белдеуіне көшуді белсенді талқылау Ашық НҚА порталында жоба жарияланғаннан кейін басталды.

"Талқылау үшін нормативтік-құқықтық акт жарияланғаннан кейін: "бізге не үшін керек, біз бұрыннан осы уақытта өмір сүріп жатырмыз және осылай болу керек сияқты" дегендей бізде көптеген қарама-қайшы пікірлер болды. Бір сағат бұрын тұру керек, жарық күн ертерек басталады деген көптеген жағымсыз пікірлер болды. Бірақ бұл жерде біздің балалар бір сағат бұрын ұйықтап, олардың ұйқысы қанатынын ескеру маңызды. Бүгін біз дәрігерлерден, хронобиология бойынша сарапшылардан, географтардан түсініктеме алдық. Бізге бірыңғай уақыт белдеуі не үшін қажет екендігі туралы көптеген қызықты ғылыми фактілер келтірілді. Біз бұл фактілер туралы бұрын-соңды естімеген едік, олар біздің көпшілігімізді, қоғам қайраткерлерін, ақсақалдарды да сендірді", - деді депутат Денис Рыпаков.

Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығы бас дәрігерінің орынбасары Анна Кухарева UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің пайдасы туралы айтты.

"Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін орнатудың сөзсіз пайдасын атап өткім келеді, өйткені біздің пациенттер үшін табиғи және биологиялық белдеулерді синхрондау басты рөл атқарады. Алдын алу саласында физиологиялық ұйқының ұзақтығын қалыпқа келтіру мәселесі көтеріледі. Дұрыс ұйқыадамның иммунитетіне әсер етеді. Иммунитеті жақсы қазақстандықтар созылмалы ауруларға бейім емес. Бұл алдын алу мәселелері туралы. Неліктен бұл онкологиялық науқастарды емдеу мәселелерінде маңызды? Өйткені біз үшін ең бастысы – емдеуді ұстану. Бізде бірыңғай сағатбелдеуі енгізілген кезде қабылдау бойынша ұсыныстары бар пациенттерімізге тағайындайтын дәрілік препараттар биологиялық уақыт белдеулеріне сәйкес, яғни тиімдірек қолданылады. Сол сияқты, логистика мәселесі бойынша – бірыңғай уақыт белдеуі басқа салаларда ем алатын пациенттеріміз үшін логистиканы жеңілдетеді. Біз үшін бұл өте маңызды шешім болмақ", - деп атап өтті онколог Анна Кухарева.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы өз пікірін жергілікті ақсақал, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев түбегейлі өзгертті.

"Бүгінгі іс-шарадан түсінгенім, біздің қоғамдық бірлестікте уақыт белдеуін ауыстыру туралы әртүрлі пікірлер болды, бірақ мен біздің билік пен ғалымдардың біздің болашағымыз туралы, ең алдымен болашақ ұрпағымыздың – балалар мен немерелеріміздің денсаулығы туралы ойлайтынын түсіндім. Бұл – бірінші. Екіншіден, мен ел экономикасына да пайдасы бар екенін ұқтым. Сондықтан біз бұл жобаны бірге қолдауымыз керек. Біз аталмыш ұсынысты қолдаймыз", - деп атап өтті Айтқазы Шерубаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері ғалымдардың Қазақстандағы UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қажеттілігі туралы дәлелдері мен зерттеулерін бірауыздан қолдады. Ғалымдардың уақытты есептеу тәртібі бойынша жұмыс тобы көшпелі түсіндіру іс-шараларын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу