Елдегі екінші АЭС Алматы облысында салынады

185

Тиісті қаулыға 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Елдегі екінші АЭС Алматы облысында салынады Фото: canva

Қазақстан Үкіметі ел аумағында екінші атом электр стансасын салу туралы түбегейлі шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 26 қаңтарда қабылданған Үкімет қаулысына сәйкес, "Екінші атом электр стансасы" ядролық қондырғысының құрылысы Алматы облысының Жамбыл ауданында жүзеге асырылады.

Тиісті құжат "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланып, қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енді.

"Екінші атом электр стансасы" ядролық қондырғысының құрылысы және ядролық қондырғы құрылысының ауданы болып Алматы облысының Жамбыл ауданын анықтау туралы шешім қабылдансын", – делінген құжат мәтінінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу