Қазақстандағы екінші АЭС қай облыста салынуы мүмкін

244

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметте өткен брифингте екінші атом электр станциясын салу жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандағы екінші АЭС қай облыста салынуы мүмкін Фото: obvk.kz

Оның айтуынша, Қазақстанға ядролық кластер құру үшін бірнеше АЭС қажет, бұл ядролық саланы дамыту үшін барлық мүмкіндікті пайдалануды, соның ішінде уран өнімдерін өндіру мен ғылыми әлеуетті барынша қолдануды көздейді.

− Бүгінде бізге екінші станцияның орнын анықтау тапсырмасы берілді. Орынды таңдау кезінде болжамды энергия теңгерімін, жүктеме орталықтарына жақындығын және ұлттық электр желісінің даму деңгейін ескеретін боламыз. Бұл жөнінде сіздерді хабардар етіп отырамыз, − деп жауап берді А.Сәтқалиев тілші сұрағына.

Әзірге, жобаны жүзеге асыру үшін ықтимал орындардың бірі ретінде Абай облысындағы Курчатов аумағы қарастырылуда.

− Курчатов перспективалық орын ретінде қарастырылып жатыр. Бұл мәселе бойынша тиісті шешімді комиссия қабылдайды. Біз талдау жүргіземіз, − деді Энергетика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу