Қазақстандағы екінші АЭС "Мойынқұм" деп аталуы мүмкін

107

Бұл туралы Ақорда кулуарында Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.  

Қазақстандағы екінші АЭС "Мойынқұм" деп аталуы мүмкін Фото: qazaqgreen.com

Қазақстанда салынатын екінші атом электр станциясы "Мойынқұм" деп аталуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әзірге екінші АЭС-ті жұмыс барысында "Мойынқұм" деп атадық. Бұл станция да қуаттылығы 1200 МВт құрайтын екі блоктан тұратын болады", – деп мәлімдеді Алмасадам Сәтқалиев.

Агенттік төрағасының айтуынша, жаңа АЭС Балқаш маңында орналастырылады. Үш аймақ қарастырылып жатыр. Нақты орны кейін анықталады. Қазіргі уақытта технология жеткізушіні таңдау бойынша келіссөздер жүргізілуде. Басым серіктес ретінде қытайлық компания қарастырылып отыр.

Қазақстанда 2025 жылға дейін кемі үш АЭС салынбақ. Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту жөніндегі стратегияға қол қойды.

Еліміздегі алғашқы АЭС Үлкен ауылы маңында салынады. Ол "Балқаш" деп аталатын болды. АЭС құрылысы 10-12 жылға созылуы мүмкін. Қазір Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында инженерлік ізденіс жұмысы жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу