Қазақстандағы ең бай әйел Айдан Сүлейменова Ресей азаматтығынан бас тартты

405

Сүлейменова ресейлік төлқұжаттан бас тарту туралы өтініш берген.

Қазақстандағы ең бай әйел Айдан Сүлейменова Ресей азаматтығынан бас тартты Фото: ayala.kz

1 шілдеде Путин "Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы" жарлыққа қол қойды. Құжат бойынша Сүлейменова ресейлік төлқұжаттан бас тарту туралы өтініш берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айдан Сүлейменова – Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтың қызы және қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі. 

Forbes мәліметінше, Сүлейменова ADD Invest Properties компаниясының иесі. Ол арқылы жұбайы Құлыбаевтармен бірге астанадағы Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді. 

2023 жылдың соңында Сүлейменова 4,3 миллиард теңге табыспен ең табысты жалға берушілер рейтингінде сегізінші орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу