"Wizz Air авиакомпаниясы Қазақстан нарығында табысты жұмысын жалғастыруда. Оның қызметтерін бір жылда 40 мыңнан астам жолаушы пайдаланды", - деді Мажарстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани.
Елші орталық коммуникациялар қызметінде өткен Мажарстан - Қазақстан екіжақты қарым-қатынастары туралы баспасөз мәжілісіне қатысты, деп хабарлайды ortcom.kz
Андраш Барани атап өткендей, Wizz Air Қазақстандағы ең шұғыл шетелдік авиакомпания деп танылды.
"Рейстердің 98%-ы кестеге сәйкес орындалды", – деді Андраш Барани.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу